Шартарап: Америкалық пилот ұлының тісін тікұшақтың көмгімен жұлды (видео)
Шартарап: Америкалық пилот ұлының тісін тікұшақтың көмгімен жұлды (видео)
8 жыл бұрын 3834 stan.kz 24.kz

АҚШ ұшқышы Рик Рахим өзінің YouTube-арнасында сүт тісті тікұшақтың көмегімен қалай жұлуға болатынын көрсетті. Рахим ұлының босап тұрған тісіне ұзын жіп байлап, соңын тікұшаққа байлаған. Сөйтіп, өзі тікұшақты ақырын көтере бастаған. Нәтижесіде ұлының тісі жұлынып түскен. Рахим өзінің осы зерттеуіне барлық қауіпсіздік шараларын ұстанғанын айтады.

Әлемдегі ең ұзын теміржол туннелі ашылды (видео)

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын әрі тым тереңде орналасқан теміржол туннелі ашылды. Өткел Альпі тауындағы Сен-Готард асуының астынан салынған. Теңдесі жоқ жерасты жолының ұзындығы 57 шақырым және бұл шойын жол тәулігіне 260 пойыз құрамын өткізуге қауқарлы. Жер астында жолаушылар пойызы сағатына 250, ал жүк пойыздары 160 шақырым жылдамдықпен жүйтки алады. Туннель құрылысы 20 жыл жүргізіліп, оған 12 миллиард доллар қаржы жұмсалған. Швейцария билігінің айтуынша, оның іске қосылуы Еуропадағы тауар тасымалын едәуір жеңілдетпек. Оған қоса жолаушылардың қалааралық жолдарға кететін уақыты да қысқарады. Бұған дейін әлемдегі ең ұзын теміржол туннелі Жапонияда болған. Оның ұзындығы – 53 шақырым.

Таиландта ғибадатхана мұздатқышынан 40 жолбарыстың жансыз денесі табылды (видео)

Таиландтың Канчанабури провинциясындағы Будда ғибадатханасынан мұздатқышта сақталған 40 жолбарыстың өлігі табылды. Елдің Ұлттық парк департаменті аңдардың онда қандай мақсатта сақталғанын нақты айта алмай отыр. Ал ғибадатхана монахтары аңдарға жауыздық танытып, саудаға салған, деп айыпталуда. «Wildlife Friends Foundation» қорының өкілдері ғибадатхана маңынан өзге де жануарлардың өлігі табылғанын айтып отыр. Осыған орай, тұмса табиғатты қорғау қызметкерлері жергілікті тұрғындар «Жолбарысты монастырь» деп атайтын ғибадатхананың аңдарын қауіпсіз аймаққа көшіріп жатыр. Қазірдің өзінде бұл жерден 52 жолбарысты арнайы орынға алып кеткен. Дегенмен, ғибадатхана ауласында әлі 85 жолбарыс қалған көрінеді.

0 пікір
Мұрағат