Шартарап: Америкалық инженерлер «алғыр» робот-қол жасап шығарды (видео)
|
Америкалық инженерлер адамның қолынан кем түспейтін «алғыр» робот-қол жасап шығарды. Жаңа жобаның өзіндік ерекшелігі бар. Ол әрекетті бірнеше қайталағаннан кейін жаттап алады. Ғалымдардың айтуынша, робот-қолды кез-келген салада қолдануға болады. Инженерлер инновациялық өнімді Швецияда өтетін технологиялық конференцияда көпшілікке көрсетуді жоспарлап отыр. Викаш Кумар, Вашингтон университетінің студенті: - Біріншіден, ол тез жауап бере білуі керек. Қолындағы зат түсіп қалғанда жаңа жағдайға бірден бейімделуі қажет. Екіншіден, қажетті тапсырманы мүлтіксіз орындауға қабілетті болуы керек. Сергей Левин, Вашингтон университетінің профессоры: - Болжаусыз ортада табысты жұмыс істеу үшін тез бейімделудің маңызы айрықша. Бізге роботтардың зертханаларда мүлде кездеспейтін бейтаныс, күрделі жағдайда алғырлық танытқаны керек.
Төбеге, тік қабырғаға да қона беретін дрон жасалды (ВИДЕО)
Стэнфорд университетінің ғалымдары квадрокоптерді жетілдіріп, оны тік қабырғаға, төбеге қона алатын етіп жасады. Жаңа дронды тік қабырғаға қона алатын «SCAMP» квадрокоптерін жасаған мамандар әзірледі.