Шарж банкі сукукты орналастыруда елеулі іс тындырды
Шарж банкі сукукты орналастыруда елеулі іс тындырды
5 ай бұрын 528 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Sharjah Islamic Bank (SIB) өткен аптада халықаралық капитал нарығында 500 миллион долларға ислами құны қағазды - сукук облигацияларын сәтті орналастырды.  Шарждың қаржы мекемесінің бұл қадамы өз кезегінде халықаралық инвесторлар тарапынан үлкен қолдауға ие болды, сатып алуға қатысты өтінімдер мөлшері 1,5 миллиард доллардан асты, яғни, үш еседен астам артық деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сукук 5 жыл мерзімге шығарылды, 2029 жылдың шілде айына белгіленген өтеу мерзіміне шаққанда кіріс деңгейі бір жылға 5,25%-ды құрайды. «Бұл 2006 жылы сукук эмиссиясынан бері халықаралық капитал нарығына тоғызыншы шығуымыз», - деп түсіндірді Шарждың Ислам банкінің бас директоры Мұхаммед Абдаллах. Аталмыш банк топ-менеджментінің айтуынша, сукукке сұраныстың 80 пайызы Таяу Шығыстан, 13 пайызы Азиядан, 7 пайызы Еуропадан келген.

0 пікір
Мұрағат