|
Шариғи соттың қазысы болып әйелдер тағайындалды
|
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында тарихта тұңғыш рет әйелдер шариғи соттың қазысы болды. Нақтырақ айтқанда, Канпур қаласының шариғи сотының қазылары болған Хина Захир және Мария Фазал жергілікті медресенің түлектері. Хина шиттердің құқықтық, ал Мария сүнниттердің мәселелерімен айналысады. Олар неке қиып, ажырасу және қалыңмал мәселелерін шешетін болады. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Hindustan Times» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Олардың шариғи соттың қазылары болып тағайындалғанына жергілікті имамдар қарсы болғанымен, мұсылман әйелдердің бүкіл үнділік кеңесі (AIMWB) қолдау білдірді. Аталған кеңестің төрайымы Саида Табассумның айтуынша, шариғат әйелдердің мұндай қызмет атқаруына тыйым салмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды
■
Тағы бір ел адам тәрізді роботтарды қарулы күштер сапына қабылдайды
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Ислами инвестиция биржаға шығады: Қырғызстан жаңа сектор ашуға дайындалып жатыр