Шариғи неке зайырлы некемен теңестірілді
Шариғи неке зайырлы некемен теңестірілді
2 жыл бұрын 2139 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Африканың Конституциялық соты шариғат талаптарына сай қиылған некелердің құқықтық мәртебесін ресми түрде мойындады және Оңтүстік Африканың неке және ажырасу туралы заңында исламдық отбасын мойындайтын тармақтың болмауына байланысты конституцияға қайшы келеді, деп шешті. Бұл жайында islam.kz порталы All Africa ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әйелдердің қоғамдық ұйымы бұл тарапта сот арқылы шариғи некенің заңдық мәртебесін мойындатуда көп еңбек сіңірді. Конституциялық сот өз шешімінде өзінің үкімі «шариғат заңының конституцияға сәйкестігін тану» турасында емес, мұсылман әйелдерге заң алдында некесінің зайырлы отбасылық одақпен тең болуы үшін белгілі бір құқықтар беретінін атап өтті. Оңтүстік Африка республикасының президенті мен Әділет министрінің адвокаттары сотта мемлекеттің діни некелерді мойындауға міндетті болмайтынын, алайда, бұл саланы реттеу үшін заң шығару құралдарыне ие екенін мәлімдеді. Конституциялық соттың шешімінен кейін Оңтүстік Африканың заң шығарушы органы мұсылмандарға ажырасу мәселелерін мемлекеттік органдарда шешуге мүмкіндік беретін құқықтық негіз дайындайтын болды.

0 пікір
Мұрағат