Шариғаттан аттамай 55 рет күйеуге шыққан
|
Мавритания астанасы – Нуакшот қаласының Сәлем есімді 50 жастағы тұрғыны шариғат талаптарын сақтай отырып, өмірінде 55 рет күйеуге шыққан екен. Қазіргі уақытта ол Нуакшот қаласының жұпыны аудандарының бірінде қоңыртөбел тіршілікті қанағат етіп, өмір сүріп жатыр. Отбасылық өмірдің ыстық-суығын көрген біздің кейіпкеріміз жергілікті «Саһел» телеарнасының тілшісіне өз өмірінен сыр шертіп, алғаш рет 12 жасында ұзатылғанын жайып салды. Оның ең ұзақ тұрмыс құрғаны 15 жылға созылған екен. Ең азы екі күннен аспаған. Оның тұрмыс құрған уақыты да әр қилы: аптаға, айға созылған. Бұл баянсыздықты ол өзінің шектен тыс қызғаншақтығынан көреді. Сондай-ақ, күйеулерінің арасында отбасы алдындағы міндетіне салғырт қарағандары да болған. Ол барлық күйеуінің аты-жөнін есінде сақтаған, десе де, өзі мойындағандай, тек үш күйеуімен ғана бақытты өмір сүрген екен. Оның біреуі – қазіргі күйеуі. Ол бақытын одан ары талмай іздестіруге дайын екенін де, бір ажырасып, бір үйленуден қажымағанын да жасырмады. Ол барлық күйеуімен шариғат талаптарын сақтай отырып, шаңырақ көтерген. Ол дәрігерлерге жиі қаралатынын да жасырмады. Ол әлі де тың, денсаулығында кінәрат жоқ, өйткені, медициналық тексеруден өткен нәтижесі осыны көрсеткен.