Шариғаттан аттаған әйелдерді жазалайтын әйелдер жасағы құрылды
Шариғаттан аттаған әйелдерді жазалайтын әйелдер жасағы құрылды
5 жыл бұрын 2562 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияда әйелдердің құқығы кеңейіп келеді. Әлбетте, батыстық өмір сүру салтын алға тартатын феминистер мен либералдар ойлағандай әйелдер еркіндігінің тар түсінігінде емес – әйелдерге де қоғамдық істерге араласуына кең мүмкіндік беріліп отыр. Аталған елдің мұсылмандар тығыз шоғырланған Ачех провинциясында алғашқы әйелдер жасағы құрылды – шариғат талаптарын бұзған әйелдерді жазалайтын. Сегіз адамнан тұратын аталмыш жасақ, тіпті, қонақ үйде бөгде еркекпен ұсталған басы бос әйелді жазалап та үлгерді. Бұл жайында AFP ақпарат көзі хабар таратты. Біз сөз етіп отырған Ачех провинциясы Индонезиядағы бірден-бір жалғыз аймақ шариғи жаза қолданылатын. Ішімдік ішкендерді, зина жасағандарды, бір жыныстылар қатынасына барғандарды ел көзінше дүрелейді. Соңғы уақытта аталған провинцияда шариғат талаптарын бұзатын әйелдер қарасы көбейген. Сол себепті, оларды жазалайтын әйелдер жасағы құрылды. Бірыңғай әйелдерден тұратын жазалаушылар жасағын құру үшін бір жылдай уақыт кеткен. Олар арнайы жаттығудан өткен. Сондай-ақ, дүрелеудің қыр-сырына дағдыланды. Десе де Индонезияның құқық қорғау ұйымдары мен аталған ел президенті Джоко Видодо Ачех провинциясындағы шариғат жолымен жазалауды құп көрмей отыр. Алайда, 2005 жылдан бері автономияға ие болған Ачех провинциясына билігі жүре бермейді.

0 пікір
Мұрағат