|
Шариғат талаптарына сай тұрғын үй бой көтермек
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің Damac компаниясы шариғат талаптарына сай әрі қонақ үй үлгісінде тұрғызылған тұрғын үйлерді сатуды бастайды. Аты айтып тұрғандай, осынау тұрғын үйде ерлер мен әйелдердің шомылатын хауыздары да, спорт залдары да бөлек болады. Бұған қоса, мейрамханаға отбасымен келгендерге арналған залдар бар. Ал бойдақ немесе қандай да бір себептермен қосағы қасында жоқ ер адамдар арнайы қабатта тұрады. Әйелдерге тек ақ жаулықтылар ғана қызмет көрсетеді.
Damac өкілінің сөзіне қарағанда, мұндай тұрғын үйге тек Біріккен Араб Әмірліктерінде ғана емес, сонымен қатар, Сауд Арабиясында да, Кувейтте де, Пәкістанда да, Малайзияда да сұраныс жоғары көрінеді. БАӘ-де мұндай апартаменттің ең арзаны 192 мың доллар тұрады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты