Шариғат талаптарына сай қылмыстық заң нормасы енгізіледі
|
Индонtзияның Ачех провинциясында осы жылдың қыркүйек айынан бастап, шариғат талаптарына сай қылмыстық заңнама нормасы енгізілген болатын. Бұл норма жергілікті наным-сенімі өзге азаматтарға да қолданылатын болады. Ачех – Индонезиядағы 34 провинцияның арасындағы шариғат талаптары үстемдік еткен жалғыз провинция болып табылады. Күздің алғашқы айына дейін зинақорлық, гомосексуализм секілді азғындыққа барғандар заңмен жазаланбай келген еді. Ендігі жерде ондай азғындыққа барғандарға айыппұл салынады, дүре соғылады немесе абақтыға жабылады. Сонымен қатар, ішімдік өнімдерін сатқандар мен оны тұтынғандар да жазадан тыс қалмайды. Amnesty International құқық қорғау ұйымы шариғат талаптарына басымдық берілгеніне алаңдаушылық білдіргенде жергілікті христиандардың өзі мұсылмандарша өмір сүруді қолай көретіндерін айтып, араша түсті. Бұл жайында Aljazeera телекомпаниясы Catholic News Service ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Осы күнге дейін бірде-бір католик шариғат талаптары бойынша жазаланған емес. Алдағы уақытта да осылай болатынына үміттенемін»,- деді Ачех католиктер шіркеуінің пасторы Херманус Сахар.