Шариғат талаптарын сақтамағандарға бүрынғыдай қатал жаза қолданбайтын болды
Шариғат талаптарын сақтамағандарға бүрынғыдай қатал жаза қолданбайтын болды
8 жыл бұрын 5707 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран полициясы шариғат талаптарын сақтамағандарды бұрынғыдай абақтыға жауып жазаламай, ағартушылық бағытқа бет бұрды. Дәлірегі, шариғат талаптарын сақтамағандарға түсіндіру әрі насихат жұмыстары жүргізіледі. Бұдан былай шариғат талаптарын сақтамағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалмайтын болды. Бұл жайында Иран астанасы – Тегеран қаласының полиция басшысы Хұсейн Рақым мәлім етті. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Тегеран полициясы басшысы мұндай тәрбиелеу-ағартушы орталықтардағы курстардан 7913 адамның өткенін жеткізді. Айта кету керек, оның алдандағы бұрынғы полиция басшысы, генерал Сажединия шариғат талаптарын сақтамағандарға қатал қараған еді. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын полицияның 7000-на аса қызметкері шариғат талаптарын сақтамағандарды ұстаумен шұғылданған еді. 2015 жылы қоғамдық орында шариғат талаптарына сай киінбеген 40 мың әйелдің жазаланған болатын.

0 пікір
Мұрағат