Шариғат талабына сай құрғақ рацион (сухой паек) немесе жолаушы азығы шығарыла бастады (фото)
Шариғат талабына сай құрғақ рацион (сухой паек) немесе жолаушы азығы шығарыла бастады (фото)
4 жыл бұрын 2958 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өкінішке қарай, алыс сапарға шыққанда немесе ыстық ас әзірлеу мүмкін емес кей жағдайларда былайғы жұрт, соның ішінде, дініне берік мұсылмандар үшін маңызы зор жоба елімізде емес, Татарстанда қолға алынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы  islam-today ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, құрғақ рацион дегеннен гөрі «жолаушылар азығы» деп атаған дұрыс шығар – таяуда Татарстан республикасының мұсылмандар діни басқармасы «жолаушы азығының» тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл шараға ТМДБ мүфтиі Кәміл хазірет Самиғұлин, «Зекет» қайырымдылық қорының, қажылық бөлімінің жетекшілері, сондай-ақ, татарлардың «Халал» ұлттық индустриясының атқарушы директоры Радик Ғафуров, т.б. қайраткерлер қатысып, Татарстанда өндірілген «жолаушы азығынан» дәм татып көрді. Бұқтырылған сиыр мен қаз етінен бастап, балға батырылған жаңғаққа дейін жұртшылық назарына ұсынылды. Шариғат талаптарына сай әзірленген. ТМДБ «Халал» стандарты бойынша дайындалған жолаушылар азығының бір данасындағы азықтар топтамасының құнарлылығы 5920 ккалды құрап отыр. 5 айға дейін жарамды. Уақытының көп бөлігін түзде өткізетін аңшыларға, әскерилерге, жолаушыларға, соның ішінде, тау-тасты кезетін туристерге таптырмас «қоржын». Бүгінгі таңда халал жолаушы азығын өндіретін кәсіпорын айына 30 мың данасын шығара алады. Жолаушылар азығының өзі жіктеледі: бір жолғы, тәуліктік деп.

В ДУМ РТ презентовали халяльный сухпаек

В ДУМ РТ презентовали халяльный сухпаек

В ДУМ РТ презентовали халяльный сухпаек

 

0 пікір
Мұрағат