Шариғат шатастыратын «шатақ» құндылық тасасында қалды
Шариғат шатастыратын «шатақ» құндылық тасасында қалды
4 жыл бұрын 1925 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желінің француздар мен ислам әлемінің сегментінде Франция билігінің Француз республикасының құндылығын қорғауды желеу етіп, құстарды шариғат талаптарына сай союға тыйым салғанын қызу талқылап жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Францияның ауыл шаруашылық және азық-түлік министрлігі 2021 жылдың шілде айынан бастап, құстарды шариғат талаптарына сай сою туралы шешімінің күшін жоятынын мәлімдеді. Осыған байланысты Франция аумағындағы үш маңызды мешіт, атап айтқанда, Париждегі бас мешіттің, Эври маңындағы үлкен мешіттің және Лион қаласындағы бас мешіт жетекшілері бірігіп мәлімдеме жасап, аталған ел билігінің бұл қадамына наразылықтарын білдірді. Аталған министрліктің уәжі бойынша құстарды ток соқтырып өлтіргенде жаны қиналмайды, француз құндылығына және гуманизмге толық сай келеді, деп есептейді. Осылайша гуманизмнің (ізгіліктің) тонын айналдырып отыр. Адамзат гуманизмді тек «нәпсілік санамен» түсінеді, гуманизм деп, эвтаназияға рұқсат берді (беті бері қарамайтын, яғни, айықпас дертке шалдығып, дәоігердің көмегімен Алланың аманаттап берген жанын қиюы – гуманизм деп, мұндай әрекетті өз-өзіне қол жұмсаумен бірдей әрекет ретінде қарастырмайды), гуманизм деп, бір жыныстылар «некесіне» рұқсат берді – осылайша азғындыққа жол ашылды. Ақты –ақ, қараны – қара деп танудан қалып бара жатқаны өкінішті.

0 пікір
Мұрағат