Шариғат шәлісін жамылмай суретке түскендер 10 жылға бас бостандығынан айырылады
|
Иранда орамал тақпай, яғни, жалаңбас суретке түсіп, онысын интернетте жариялағандарға қарсы күрес күшейтілді, дәлірегі, шариғат шәлісінсіз фотоға түсіп, интернетке жүктегендерге қолданылатын жаза қатайтылды - 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Шиғалар елінің FARS ақпарат агенттігі Тегеран қаласының революциялық сотының жетекшісі Мұса Газанфарабадиге сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, бұл тыйым интернетте хижабқа қарсы науқан ұйымдастырған америкалық белсенді Масиха Алинежадқа да қатысты. Тегі ирандық америкалық белсенді Иран әйелдерін орамал тақпай селфи жасауға үндеп отыр. Осылайша шариғи тыйымға қарсылығын білдіруде. Сөз орайы келгенде естеріңізге сала кетсек, бұрын интернетке жалаңбас суретін жариялаған ирандық әйелдерге шамамен 25 доллар мөлшерінде айыппұл салынатын және екі айға дейін абақтыға жабылатын.