Шариғат шәлісін жамылған қыз нәсілшілдерді қалай тоқтатты? (фото)
Шариғат шәлісін жамылған қыз нәсілшілдерді қалай тоқтатты? (фото)
9 жыл бұрын 5163

Белгияның Антверпен қаласында өткен мұсылмандардың жыл сайынғы көрме-жәрмеңкесінде оңшыл радикалдар қолдарына плакат ұстап, ұрандап шықты. Мұсылмандардың айтулы шарасын болдырмау үшін. «Фламанд мүддесі» деп аталатын ультра оңшыл партияның 40-қа тарта мүшесі «Мешітке жол жоқ», «Орамал тағуға жол жоқ», «Исламды тоқтатамыз» деп аттандап шықты. Қандарына қарайып алған белгиялықтардың ештеңеден тайынбайтындай арындары қатты еді. Бұл оқиғаның арты жақсылықпен аяқталмайтын еді - егер Закия Белхири есімді мұсылман бойжеткеннің тапқырлығы болмағанда. Шариғат шәлісін жамылған бойжеткеннің батылдығы мен кек сақтамайтын кеңпейілділігі тығырықтан алып шықты. Ол наразы топтың алдынан шығып, қалта телефонымен өзін және артында тұрған ашулы белгиялықтарды суретке түсіріп алды. Дәп бір көкке шыққандай. Оның бұл күтпеген жерден көрсеткен оқыс қылығы белгиялықтарды екіұдай күйде қалдырған еді. Кейбіреулері, тіпті, қысыла күлімсіреді. Бұл жайында «IslamNews» порталы « Elite Daily» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат