Шариғат шәлісін жамылған әйелдерді зорлап келген
Шариғат шәлісін жамылған әйелдерді зорлап келген
9 жыл бұрын 3539

Ұлыбританияда жаға ұстатарлық қылмыс әшкере болды. Тек шариғат шәлісін жамылған әйелдерді зорлап келген маньяк-фетишист (белгілі бір дін өкілдерінің соңына түсіп алып, садистік жолмен қорлап өлтіруден ләззат алатын адам) қолға түсті. Қылмыскер – 25 жастағы Эммануэль Ндегве, Лондон мегаполисінің тұрғыны, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жайында «The Daily Mail» ақпарат көзі хабар таратты. Тергеу кезінде белгілі болғандай, ол тек шариғат шәлісін жамылған әйелдердің соңына түскен. 2013-2014 жылдар аралығында бірнеше сомалилік әйелдерді зорлаған. Ол алдымен әйелдердің ізінен еріп, есігіне жеткен кезде ол да баса-көктеп кіреді. Оның, тіпті, мұсылман әйелді балаларының көзінше зорлағаны да белгілі болды. Әзірше полиция қызметкерлері бұл наданның бірнеше қылмысын ғана дәлелдеп отыр. Егер де тағы басқа біреулерге қиянат еткен болса, оның үстінен арыз жазатын жәбірленушілерді іздеуде. 

3 пікір
Мұрағат