Шариғат шәлісін жамылған әйел жүк көлігінің жүргізушісі болып істейді
|
Патриархалдық қатынас үстемдік еткен араб елдерін былай қойғанда, жүк көлігін жүргізетін әйел мұсылман емес мемлекеттерден де ұшыраса қоюы екіталай, ұшырасқан күннің өзінде мыңнан біреу – некен-саяқ. Ал Мысыр астанасында шариғат шәлісін жамылған әйелдің жүк көлігін айдап жүр дегенге сенесіз бе? Ум Уәлид есімді біздің кейіпкеріміз бұл кәсіпке амал жоқтығынан барған. Осыдан отыз жыл бұрын оның таксиші болуын ұлы жоқ әкесі қалаған екен. Көлік тізгінін ұстағалы бері ер-азаматтар тарапынан қанша сынға ұшырап, күлкіге қалғанымен бұған да көнген. «Емтихан тапсыру үшін жол қозғалысы департаментіне барған кезімде ер-азаматтар маған күле қарайды. «Бар да пияз аршып, қырыққабаттан тағам дайында» деп келетін мысқыл аралас сөздерін естуге тура келді. Олардың бұл қылығы одан сайын жігерімді жанитын»,- деп еске алады ол. Ол бұрын микроавтобус айдайтын, алайда, күйеуінің жанары жасық тартқаннан кейін оны алмастыруға тура келген еді. «Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Кейде көз жасымды сығып аламын – өзге әйелдер секілді неге үй де отырмадым екен деп»,- мұңын шағады. Бұл жайында әлемге әйгілі «Al Jazeera» ақпарат көзі хабар таратты. Ол 36 тонна тартатын жүк көлігін айдап жүр.