Шариғат шәлісін жамылған әйел білдей бір елдің президенті болды
Шариғат шәлісін жамылған әйел білдей бір елдің президенті болды
4 жыл бұрын 6841 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгін, яғни, наурыз айының 19-ы күні Танзанияның тарихында Африка құрлығындағы аталған елдің алтыншы президенті ретінде Сәмия Хасан Сулуху ант берді. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәмия Хасан Сулуху бұрын, дәлірегі, 2015 жылдан бері  осы елдің вице-президенті болып жауапкершілігі ауыр лауазымды қызмет атқарды. Сәмия Хасан Сулухудың алдындағы президент Джон Магуфули наурыздың 17-і күні тәжді тажал жұқпалы індетінен көз жұмды. Сәмия Хасан Сулуху - Танзания тарихында тұңғыш президент болған әйел адам. Аталған елдің конституциясына сәйкес ел президенті қайтыс болған жағдайда оның орнын вице-президент басады, ол мандаты біткенше мемлекетті басқарады. 61 жастағы Сәмия Хасан Сулухудың мандаты 2025 жылдың соңында бітеді. Сәмия Хасан Сулуху Занзибар аумағында дүниеге келген. 

0 пікір
Мұрағат