Шариғат шәлісін жамылатын мұсылман әйел NASA ғарышкері атанды
Шариғат шәлісін жамылатын мұсылман әйел NASA ғарышкері атанды
3 жыл бұрын 2134 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

NASA жетекшісі Билл Нелсон  Техастағы және Хьюстендегі ғарыш базасына Біріккен Араб Әмірлігінің екі тумасының қабылданғанына жылы қабақ танытты. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біреуі – шариғат шәлісін жамылатын 28 жастағы Нұра әл-Матрұш. Оның мамандағы – инженер. Екіншісі – Дубай полициясының тікұшақ ұшқышы, 33 жастағы Мұхаммед әл-Молда. Ол екі жыл дайындық курсынан өтіп, Хпалықаралық ғарыш стансасындағы және Айдағы миссияға қатысады. Нұра әл-Матрұш – шариғат шәлісін жамылатын әрі бес уақыт намазын оқитын тұңғыш әйел ғарышкер ретінде тарихта есімі қалатын жан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Нұра әл-Матрұш пен Мұхаммед әл-Молда БАӘ-нің ғарыш бағдарламасы үшін 4 мың үміткердің арасынан іріктеліп алынған.

0 пікір
Мұрағат