Шариғат негізінде жол қозғалысы ережесі дайындалды
Шариғат негізінде жол қозғалысы ережесі дайындалды
5 жыл бұрын 2113 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы субьектілерінің бірі – Коми республикасында жол-көлік оқиғасы негізінен көлік жүргізушілерінің жауапкершілікті жете сезінбеуінен және салғырттығынан, яғни, жол қозғалысы ережесін елемеуден орын алып жатады. Осыған байланысты аталған республиканың мұсылмандар діни басқармасы жол қозғалысы ережесін шариғат негізінде түсіндіретін арнайы брюшораны әзірлеп, жарыққа шығарды. Аталмыш қойын кітапшасында ең алдымен қасиеттің Құраннан адамдарға қатысты Алланың алдындағы жауапкершілікті қозғайтын аяттар келтірілген. Бұдан бөлек, жолға шығар алдында көлік жүргізушісінің есіне автокөлікте ақаудың болмауын есіне салады. Көлік жүргізушісіне түрлі жағдайларда өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей қалай қимылдау керектігіне дейін жазылған.

0 пікір
Мұрағат