Шар саудасына және шарды ұшыруға тыйым салынды
Шар саудасына және шарды ұшыруға тыйым салынды
2 жыл бұрын 2638 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорниядағы Лагуна-Биш қаласының билігі тұрғындар мен қала қонақтарына шарды сатуға және ұшыруға тыйым салды. Бұл шара қоршаған ортаны ластамау, яғни, құстар мен теңіз жануарларын қорғау үшін қолға алынды. Аталмыш шектеу 2024 жылдың бас кезінде қолданысқа енеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастама әлемнің бірнеше қаласында көтеріліп, нақты қадамдар жасалған. Атап айтқанда, мұндай тыйымдар 2021 жылдан бастап Мэриленд пен Виржинияда, ал 2022 жылдан бастап Гавайде күшінде. Нью-Йорк пен Флорида ұқсас заңдарды қарастыруда. Лагуна жағажайында барлық түрдегі шарларды ұшыруға немесе қоғамдық орындарда немесе қалалық іс-шараларда өзіңмен бірге алып жүруге рұқсат етілмейді. Ережені бұзғаны үшін айыппұл - 500 долларға дейін салынады. Десе де үйді шармен безендіруге тыйым салынбаған. Шар – пластиктен де салдары ауыр, қауіпті теңіз қоқысы. Шарлар мұхитта ондаған жылдар бойы ыдырайды. Латексті теңіз сүтқоректілері мен тасбақалар да қорек етуі мүмкін. Өйткені, пластикке қарағанда сағыз секілді әлдеқайда жұмсақ келеді. Жұтылған шарлар кәдімгі пластикке қарағанда құсты өлтіру ықтималдығы 32 есе жоғары. Лара О’Брайен есімді экологтың айтуынша, латексті шар жұтуға қолайлы пішінге оңай ене алатын икемді материалдан жасалған. Құстың немесе теңіз жануарының асқазанында тұрып қалса, қоректену жүйесін бітеп тастайды. Соның кесірінен құс немесе теңіз жануары аштан өледі.

0 пікір
Мұрағат