Шанхай ынтымақтастық ұйымына тағы 3 мемлекет қабылданады
Шанхай ынтымақтастық ұйымына тағы 3 мемлекет қабылданады
8 жыл бұрын 3128 bnews.kz kyrtag.kg

Биыл маусым айында Ташкентте өтетiн Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитiнде Ұйым құрамына тағы үш мемлекеттi қабылдау бойынша тарихи шешiм қабылданады. Бұл туралы бүгiн Астанада өтiп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының үшiншi кездесуiнде ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов айтты.

ҚР Сыртқы істер министрінің айтуынша, Ташкентте тарихи шешім қабылданбақ.

«Ташкентте өтетiн саммитте Шанхай ынтымақтастық ұйымын кеңейтуге қатысты тарихи шешiм қабылданады. ШЫҰ-ның құрамына Үндiстан мен Пәкiстанды қабылдау бойынша процесс басталған болатын. Сондай-ақ, күн тәртiбiнде Иранды қабылдау мәселесi бар», - дедi Е.Ыдырысов.

2017 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалық ететiн болады.

«Бiз үшiн бұл төрағалықтың маңызы зор. Қазақстан ұйымды жан-жақты дамыту, оның жұмысына қарқын қосу саясатын жалғастыруға тырысады. Бiз келесi жылы маусымда өтетiн саммиттi дайындауға күш саламыз», - деп атап өттi министр.

Айта кетейiк, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды. Оның құрамына 6 мемлекет - Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжiкстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы кiредi.

0 пікір
Мұрағат