Шал мен қыздың некесіне шариғат соты қандай үкім шығарды?
Шал мен қыздың некесіне шариғат соты қандай үкім шығарды?
9 жыл бұрын 7249

Сауд Арабиясында шариғи сот 84 жастағы шал мен 15 жастағы бойжеткен қыздың арасындағы некені заңсыз деп таныды. Нақтырақ айтқанда, аталған елдің оңтүстігінде орын тепкен Жазан аймағындағы округтық шариғи сот атасы мен немересіндей, тіпті, шөбересіндей болатын ерлі-зайыптылар арасындағы некені заңсыз деп танып қана қоймай, олардың жас айырмашылығын ескермей осындай некені қиған құзырлы орын қызметкеріне тәртіптік жаза қолданды. Бұған қоса, отбасы-неке қатынасында ислам әдебін сақтауға мұқият қарауға шақырды. Шал мен қыздың некесін елеусіз әрі құқық қорғаушылардың назарынан тыс қалар ма еді, егер шалдың зайыбының үстінен жұбайлық парызын орындаудан бас тартты деп тиісті орынға шағымданбағанда. Шариғи соттың үкімі қыздың пайдасына шешілді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Gulf News» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Сот отырысында белгілі болғандай, зорлықпен шалға ұзатылған қыздың әкесінің ақыл-есі ауысқан болып шықты. Әлеуметтік желіде бұл жағдай кәдімгідей дүрбелең тудырды – ғаламтор қолданушылары төрінен көрі жуық шалды байлығын пайдаланып, «жас иіс»-ке елтігенін қатаң сынға алып, бойжеткен қыздың батылдығына сүйсінді.

2 пікір
  • Не деген сұмдық. Алла сақтасын. Сөзім жоқ.
    9 жыл бұрын
  • Я, Алла! Кешире гор. Астагфирулла! Бирак, биздин елде уш жастан бастап зорлыкка тап болгандар оте коп кой. Танданатын ештеме жок сиякты. Занды некемен косылып жатыр гой.
    9 жыл бұрын
Мұрағат