Шағын мемлекеттегі миллиондаған баланың қасіреті
Шағын мемлекеттегі миллиондаған баланың қасіреті
7 жыл бұрын 2242 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Оңтүстік Судандағы балалардың басындағы жағдай туралы жантүршігерлік деректі жария етті. Аталған елде қатарынан табаны күректей төрт жылға созылған дағдарыстың салдарынан балалардың көрмегені жоқ Балалар қорының мәліметіне сенсек. Нақтырақ айтқанда, Африка құрлығындағы осынау шағын елде балалар аштықтың азабын тартып қоймай, түрлі зорлы-зомбылықтан жапа шегіп отыр. Бұған қоса, әр түрлі дертке шалдыққан балалар қарасы артып кеткен. Нақтырақ айтқанда, үш миллион бала аштыққа ұшыраған, 2,4 миллион бала үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 2 миллион бала білім алу мүмкіндігінен айырылған. 2300-ден аса бала көктей солған немесе жарақат алған. Бұған қоса, аталған елдегі әрбір бесінші бала босқын атанған. Яғни, 1,8 млн бала.  Олардың дені көршілес мемлекеттерге, атап айтқанда, ганда, Эфиопия, Судан, Кенияға бас сауғалаған. Естеріңізге сала кетсек, бұл елде дағдарыс неден басталып еді өзі? 2013 жылдың желтоқсан айында Динка тайпасының өкілдері (ел президенті Салуа Киир осы тайпадан) мен Нуэр ұлысының (бұрынғы ел басшысының орынбасары Риек Машар осы ұлыстан шыққан, қазіргі уақытта бүлікшілердің көсемі) арасында қақтығыс басталғаннан бері жалғасып келеді. 2011 жылы ғана тәуелсіздігін алған болатын. Билікке талас күллі елді тентіретіп жіберді. Ең өкініштісі, балалар тартып отыр зардабын.

0 пікір
Мұрағат