«Семіз» және «арық» елдер рейтингісі: Тарихта тұңғыш рет артық салмақты адамдар саны арық адамдар қарасынан асты
«Семіз» және «арық» елдер рейтингісі: Тарихта тұңғыш рет артық салмақты адамдар саны арық адамдар қарасынан асты
1 жыл бұрын 1451 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cарапшылар артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы бойынша елдер рейтингісін түзіпті. Бұл жайында islam.kz порталы Бүкіл әлемдік семіздік федерациясы (data.worldobesity.org) келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тынық мұхитындағы Науру деп аталатын шағын аралдағы ерлердің 59%-ы және әйелдердің 60,5%-ы артық салмақтан зардап шегеді. Басқа арал мемлекеттерде де осындай проблема бар. Мәселен, Кук аралдарында әйелдердің 71%-ы және ерлердің 69% -ы артық салмақтан зардап шегеді. Америка құрама штаттары сияқты ірі елдерде ерлердің 42%-ы және әйелдердің осынша пайызы семіздікке шалдыққан. Аталмыш рейтингтің ең соңында тұрған Вьетнамда ерлер мен әйелдердің 1,7%-ы ғана семіздікке шалдыққан, ал Жапонияда бұл тараптағы көрсеткіш ерлер арасында 3,8%, әйелдер - 3,4%. Айта кету керек, бұл семіздік көрсеткіштері дене салмағының индексі 30%-дан асқан жағдайда тіркеледі. Тарихта алғаш рет семіздер саны арық адамдар қарасынан асып отыр. Бұған ең алдымен жаһандану дәуірі себеп болып отыр. Еркін халықаралық сауда-саттық, урбанизация және экономикалық даму семіздік індетін өршіткен негізгі факторлар қатарына жатады.

0 пікір
Мұрағат