Селфи тағы бір адамның түбіне жетті
Селфи тағы бір адамның түбіне жетті
10 жыл бұрын 7070

Румынияда селфидің кесірінен тағы бір қайғылы оқиға орын алды. 18 жастағы Анна Урсу есімді бойжеткен құрбысымен пойыздың үстіне шығып, суретке түспек болмай ма, өкінішке қарай, оның аяғын ток өткізетін сымға тиіп кетіп, 27 мың вольт разрядтық ток соққан. Бұл жайында «Mirror» ақпарат көзі хабар таратты. Ал оның құрбысы пойыздың үстінен жерге құлап түскен. Ток соққан бойжеткен емханаға жеткізілгенімен денесінің 50 пайызын күйік шалғандықтан оны аман алып қалу мүмкін болмады. Ал құрбысының жағдайы қазіргі уақытта бірқалыпты. Селфи жасаймын деп сақтық шараларын ұмытып, қаза тапқандар қарасы көбейіп келеді. Мәселен, үстіміздегі жылдың ақпан айында теміжолда тұрып, суретке түспек болған америкалық азамат пойыз астына түсіп өлді. Тура осы айда ұшқыш суретке түсемін деп, ұшақты жерге соқты. Адам өлімімен аяқталған селфиге қатысты мұндай мысалдар көп.

0 пікір
Мұрағат