Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
9 ай бұрын 1306 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда Mori JP Tower деп аталатын төбесі «көк тіреген» зәулім ғимарат пайда болды. Биіктігі 325,2 метрлік ғимараттың ең басты артықшылығы – зілзалаға төзімді, энергияны аз тұтынады. БҰл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Pelli Clarke & Partners компаниясының сәулетшілері мен білікті мамандары жобасын сызған Mori JP Tower ғимараты жасыл желек жамылған Токионың Azabudai Hills кешенінде тұрғызылған. 64 қабаттан тұратын ғимаратта тұрғын үйлермен қоса, кеңсе, Aman мейманханасы, т.б. орналасқан. 9,0 балдық күші бар жер сілкінісі кезінде де әдеттегідей жұмыс істейді. Ғимараттың құрылымдық болат құбырлары аса мықты бетонмен толтырылды. Осылайша ғимарат зілзала кезінде аз теңселеді. Мұнарада 3600 адамға арналған уақытша баспана, сондай-ақ, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған қойма бар. Электр энергиясы жаңғыртпалы қуат көздерінен алынады. Мәселен, жылу канализациялық жүйеден келсе, жауын суы автоматты түрде тазартылып, жасыл желекті суғаруға кетеді.

0 пікір
Мұрағат