Саяси астары қалың тендер жарияланды
Саяси астары қалың тендер жарияланды
7 жыл бұрын 3795 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, кезінде Саудия бастаған Парсы шығанағындағы араб елдері Катар терроризмге дем берді деген желеумен аталған елмен арадағы дипломатиялық қатынасты үзгенін хабарлаған едік. Катармен барыс-келіске, алыс-беріске шектеу қойылды. Мұнымен ғана шектелгісі келмеген Саудия билігі іргесіндегі шағын елді біратола тұқыртып ұстау үшін әлемнен оқшаулап тастамақ. Екі елдің арасынан канал қаздыру арқылы. Осы мақсатта канал қазуға 750 млн долларға тендер жариялап отыр. "Мекке" деп аталатын саудиялық мерзімді басылым таратқан хабарға қарағанда, аталған тендерге өтініш маусым айының 25-не дейін қабылданады. Ал оның нәтижесі, яғни, кімнің ұтып алғаны үш айдан кейін жарияланады. Бұл жобаға бес компания мүдделілік танытып отыр. Қандай компаниялар екені айтылмаған. Аталмыш жоба бойынша каналдың ұзындығы 60 шақырымды құрайды, ал ені - 200 метр, тереңдігі 15-20 метр. Бұдан бөлек, Катармен арадағы шекара маңында саудиялықтар Атом электр стансасының радиоактивті қалдықтарын сақтайды әрі әскери база ашады. 

0 пікір
Мұрағат