Саудиялықтар сутегі өндірісіне қыруар қаржы құяды
Саудиялықтар сутегі өндірісіне қыруар қаржы құяды
1 ай бұрын 1225 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының билігі мұнай шикізатының экспортына тәуелді экономикасын әртараптандыру бағытында жасыл энергия көздерін дамытуға ден қойып отыр. Бұл тарапта көміртегі аз бөлінетін отын түрлерін өндіру үшін ауқымды науқанды қолға алайын деп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Investing.com дерек көзіне жөн сілтеген Businesstimes ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада саудия аумағында сутегі өндірісі турасында сөз болып отыр. Дәлірегі, аталған араб елінің ұлттық әл-ауқат қоры тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен әрі жетекшілігімен "Жасыл сутегі энергетикасын" қаржыландыру үшін Energy Solutions деп аталатын компания құрды. Мемлекеттік инвестициялық қор (PIF) аталмыш компанияның кем дегенде 10 миллиард доллар мөлшерінде бұл салаға инвестиция құятынын алға тартып отыр. Қор әлемдік көк сутегі өндірісінің 15%-ын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, жасыл сутекке инвестиция салуды жоспарлап отыр. Таяу жылдары инвестиция мөлшері сутегіге сұраныс пен инвестициялық бағдарламаға байланысты айтарлықтай өсуі мүмкін. Кейбір инвестициялар Saudi Aramco мемлекеттік мұнай өндіруші компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады.

0 пікір
Мұрағат