Саудиялық студент Apple байқауының үш жеңімпазының бірі болды
|
Apple компаниясы өзінің веб-сайтында Apple әзірлеушілер академиясының студенті, саудиялық Жабаһер әл-Аназидің жеңіске жеткенін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол жаһандық Swift Challenge бойынша 35-тен астам елден келген үздік үш жеңімпаздың бірі ретінде аталды. Apple президенті Тим Кук оны байқауға үздік үш жобаны ұсынған алғашқы саудиялық әйел екенін хабарлады. әл-Анази өзінің табысқа жету сырын бес жасында айырылып атасымен бірге өткен балалық шағымен байланыстырады. Одан кейін ол кекештікпен күресудің тың әдістерін ойлап табуға итермелейтін, өзі қазір жұмыс істеп жатқан «Кекештік туралы білім беру» және «Кекештікпен күресу» бағдарламаларының арқасында бұл кемістіктен құтылды. Ол қолданушыларға кекештенген жағдайда көмектесуге мүмкіндік беретін My Child қолданбасын жасау үстінде.