Саудиялық банк аймақтағы ончейн қаржыны дамыту үшін Chainlink желісімен ынтымақтасады
Саудиялық банк аймақтағы ончейн қаржыны дамыту үшін Chainlink желісімен ынтымақтасады
3 ай бұрын 1130 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиядағы аса ірі банктердің бірінен саналатын (активтері 100 млрд доллардан асады) Saudi Awwal Bank (SAB) әлемдегі ең танымал оракул – Chainlink желісімен ынтымақтасатыны туралы келісімді бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы incrypted.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған келісімде қарастырылған талаптар мен шарттарға сәйкес тараптар ончейн қаржы (яғни, блокчейн негізіндегі мәмілелер) саласындағы инновациялық шешімдер бойынша бірігіп әрекет етеді. Атап айтқанда, саудиялық банк кросшейн-хаттаманы (CCIP, екі немесе одан көп блокчейнді біріктіретін қолданба немесе қосымша) және Chainlink Runtime Environment (CRE, есептеу ортасы) орындау ортасын пайдаланады. Саудиялық аталмыш банк өкілдері Chainlink желісімен арадағы серіктестік өз кезегінде Сауд Арабиясындағы қаржылық инновацияларды дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті. «Біз Chainlink-пен блокчейндер арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылға бағытталған инновациялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны туралы жариялаймызщ», - делінген хабарламада. Осы орайда бұған дейін Chainlink желісі NYSE бас компаниясына тиесілі Intercontinental Exchange-мен бірігіп, валюталық бағамдар мен қымбат металдардың құны туралы деректерді блокчейнге біріктіргенін айта кетпекпіз.

Chainlink - смарт-келісімшарттарға сыртқы деректер көздеріне, төлем жүйелеріне және API-ге қауіпсіз қосылуға мүмкіндік беретін орталықсыздандырылған оракул желісі. Ethereum блокчейнінде жұмыс істейді және DeFi экожүйесі мен нақты әлем арасындағы негізгі байланыстырушы көпір

Saudi Awwal Bank (@alawwalsab), one of Saudi Arabia’s largest banks with over $100 billion in total assets, is leveraging several Chainlink services to facilitate the deployment of next-generation onchain applications in Saudi Arabia.

Under the innovation agreement, SAB is… https://t.co/DAvUawI3Yg pic.twitter.com/Zhlm1GJdGp

— Chainlink (@chainlink) September 16, 2025

0 пікір
Мұрағат