Саудиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан мен реформалардың, ауыс-түйістердің шынайы мақсаты неде?
Саудиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан мен реформалардың, ауыс-түйістердің шынайы мақсаты неде?
7 жыл бұрын 3439 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта күллі әлем жұртшылығын елеңдеткен жаңалықтар легі Саудия жерінде орын алған маңызды оқиғалармен байланысты. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Саудия жеріндегі түрлі реформаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес науқанын, ауыс-түйістерді жарыса жазып жатыр. Әлі ыстық-суығы басыла қоймаған Саудия жеріндегі бұл өзгерістерге сарапшылар түрліше баға беріп жатыр. Десе де біз аталмыш елдегі саяси науқандар мен реформалардың шынайы себебі мен мақсатын тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әл-Саудтың өз аузынан білгенді жөн көрдік. Таяуда америкалық The Washington Post мерзімді басылымына сұхбат берген тақ мұрагері осыдан бірнеше ай бұрын басталған, тек саудиялықтарды ғана емес, сонымен бірге, әлемді елеңдеткен реформалар мен түрлі саяси шаралардың қолға алынуының себебін айтып берді. Оның айтуынша, мұның бәрі Саудияға жонын көрсеткен жауларға, соның ішінде, Иранға қарсы күресті нығайту үшін қолға алынған болып шықты. «Реформа королдікті саяси және мәдени бағытта модернизациялауға қажетті шоктық терапияның бір бөлігі болып табылады. Шоктық терапия экстремизмді тежеу үшін де қажет болды. Ол әйелдер құқығын кеңейтуге де мүмкіндік берді»,- деді. Осы орайда естеріңізге тағы бір мәрте сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Осыдан бірнеше ай бұрын тек отбасы, ошақ қасынан ұзамайтын саудиялық әйелдердің қоғамның барлық дерлік саласына араласуына мүмкіндік беретін реформалар жүргізіліп қана қоймай, коррупцияға қарсы ауқымды науқан да жүзеге асырылған болатын. Сондай-ақ, осыдан санаулы күн бұрын ауыс-түйістер орын алды: осы аптаның басында Саудия Қарулы күштері бас штабының бастығы әрі әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы отставкіге кетті. Сондай-ақ, жаяу әскер, стратегиялық маңызы бар зымыран әскері, т.б. басшылары да, губернаторлар мен қала басшылары да ауысты.

0 пікір
Мұрағат