Саудиядағы реформа экономикалық апатпен аяқталуы мүмкін
Саудиядағы реформа экономикалық апатпен аяқталуы мүмкін
7 жыл бұрын 2714 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тақ мұрагері қолға алған реформалар келешекте экономикалық апатпен аяқталуы мүмкін. Мұны Indosuez Wealth Management зерттеу нәтижесі растап отыр. Мұнайдың төмен бағасы мен өзге де факторларды саралаған сарапшылар 2022 жылдың өзінде Саудияның мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімнің 60%-ын құрайтынын алға тартып отыр. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 1,6 пайыздан аспаған еді. Сондай-ақ, зерттеу қорытындысында айтылғандай, бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан реформаның қарқынына теріс әсер етіп, мұнайға тәуелділікпен байланысты «голландық аурудан» көп уақыт айыға алмайтын болады.

«Голландық ауру» тіркесіне Уикипедияда берілген анықтамасы: экономиканың жекелеген секторында орын алған дүмпу нәтижесінде экономикалық дамуға серпін беретін ұлттық валютаның нақты бағамының нығаюынан туындайтын жағымсыз тиімділік.

0 пікір
Мұрағат