Саудияда өндірілетін сутегінің ерекшелігі неде екені айтылды
|
2021 жылы Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның пәрменімен аталған араб елінде көлік-логистиканың ұлттық стратегиясы іске қосылды. Оның мақсаты 2030 жылға дейін елдің мұнайға қатысы жоқ табыстың үлесін жылына 12 млрд долларға дейін ұлғайтуға саяды. Осыған байланысты сутегі өндірісіне басымдық беріледі. Бұл жайында islam.kz порталы интернеттегі түрлі дерек көздеріне сідтеме жасай отырып хабарлайды. Сутегінің қазіргі жобаларының көпшілігі әлі күнге дейін қазба отынға сүйенеді, олар «қоңыр» немесе «сұр» сутегін қалыптастырады. Түпкiлiктi өнiм таза болуы мүмкiн, алайда, өндiрiстiк процесте атмосфераға көмiрқышқыл газының едәуiр мөлшерi бөлiнедi. Көміртекті аулау технологиясын (CCS) пайдалана отырып өндірілген газ «көк» сутегі деген атпен белгілі таза өнім. Сауд Арабиясы оны өндіруді жоспарлап отыр. Осы арада мынаны айрықша бөліп айта кеткіміз келеді: Саудия әлемде көк сутегін өндіретін алғашқы елдердің бірі. Bank of America сарапшыларының болжамынша, 2050 жылға таман сутегі отыны мұнайға сұраныстың 25%ын алмастыратын болады. Саудия осы нарықта ірі ойыншыға айналуды көздеп отыр. Яғни, мұнай нарығындағ ғана емес, жасыл отын нарығында да аса ірі ойыншыға айналмақ. Aramco мемлекеттік компаниясы тек көк сутегін ғана емес, сонымен қатар, жаңғыртпалы энергия көздерінен экологиядық жағынан ең таза сутегін өндіруді де жоспарлап отыр. Десе де Aramco өкілдері жасыл сутегі өндірісі көк сутегі өндірісіне қарағанда шамамен бес есе қымбатқа түсетінін алға тартып отыр. Осы орайда Саудия билігінің энергетика саласы бойынша, соның ішінде жаңғыртпалы энергия көздері мен жасыл сутегінің өндірісі мен жабдықтау және инвестиция бойынша Үндістанмен және Нидерландымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, саудиялықтар он жыл бедерінде шамамен 60 ГВт жаңғыртпалы энергия қуатын өндіруді, сондай-ақ, «болашақ қаласын» энергиямен қоректендіру үшін H2 зауытын салуды жоспарлап отыр. Сутегін өндіру үшін, күн және жел энергиясына қуаты 4 ГВт болатын Helios Green Fuels сутегі зауыты пайдаланылады.
Ұқсас материал:
Саудиялықтар сутегі өндірісіне қыруар қаржы құяды