Саудия түрмесінің ерекшелігі мен тәртібі (фото)
Саудия түрмесінің ерекшелігі мен тәртібі (фото)
4 жыл бұрын 7898 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемде түрме қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулап, жазалайтын орын болғанымен оларға ортақ бірыңғай ортақ жүйе жоқ. Әр елдің түрмесіндегі жазасын өтеушілерге жасалған жағдай да, түрме тәртібі әрқилы болып келеді. Саудия түриесінің де өз ерекшелегі бар. Десе де түрме, заңнама және қылмыстық атқару жүйелерінде жиі реформалар жүргізіліп жатады. Бұл реформалар сол елдің әл-ауқаты мен елдегі қылмыстық ахуалға қарай қабылданған шешімдер негізінде жүзеге асады. Бұлардың барлығы жазасын өтеушілерді түзету, тәрбиелеу мақсатында тәжірибе ретінде жүзеге асырылатынын да айта кеткен жөн. Бұл жайында islam.kz порталының материалынан оқып білесіздер. Мәселен, адам құқығына айрықша мән берілетін Еуропадағы түрмелер қонақ үйге көбірек ұқсайды. Жазасын өтеушіге барлық жағдай жасалған. Мейманхананың люкс бөлмесінен кем түспейтін 2-3 бөлмелі камерада жанға керектінің бәрі бар: теледидар, интернет, кітап, жаттығу бөлмесі, жуынатын бөлме, т.б. Тек терезесіне темір тор орнатылған. Барлық жағдайын жасап, қоғамнан осылайша оқшаулайды. Ал америкалық түрмелер еуропалық түрмелерден айырмашылығы – бір камерада бір емес, бірнеше жазасын өтеуші жатады. АҚШ-тағы түрмелерде де жазасын өтеушілердің жағдайы жасалған: кітапхана, теледидар, медициналық қызмет, спорт алаңы, т.б.

Саудиядағы түрмелер америкалық үлгіге ұқсас. Десе де түрме тәртібі жұмсақ. Саудиядағы жазасын өтеушілерді отбасына жіберіп тұрады. Яғни, орынды себеп (ұлының немесе қызының үйлену тойы, туысы қайтыс болса, т.б.) бойынша бірер күнге босатады. Әлі оң-солын танымаған балалары болса, оларға ай сайын жәрдемақы тағайындайды. Әлбетте, мұндай тәртіп тек жергілікті жазасын өтеушілерге ғана қарастырылған. 34 млн халқы бар осынау араб елінде сыртан келіп жалданып жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың қарасы көп. Яғни, гастрабайтерлер үшін бөлек тәртіп қолданылады.

Саудиялық түрмелердің дені тастан қаланған. Бір камерадан екі адамнан 10 адамға дейін жатуы мүмкін. Әдетте камера есіктері ашық тұрады. Екі уақыт тамақтандырылады. Таңғы асқа жұмыртқа, нан, аздап май берілсе, кешкі аста тауық етінен бұқтырылған күріш тартылады. Саудия түрмелерінде америкалық түрмедегідей теледидар болмайды. Алайда, камера есіктері ашық тұратындықтан тұтқындар күнұзақ өзара әңгіме-дүкен құрып, уақыт өткізеді. Саудиялық түрмелерде қылмыс жасап, қолға түскендер ғана емес, сонымен қатар, шариғат талаптарын сақтамай көзге түскендері де көптеп кездеседі. Мәселен, дінде тыйым салынған нәрселерді саудаға шығарған саудагер, т.б. жазасын өтейді.

Тюрьма в Саудовской Аравии

Тюрьма в Саудовской Аравии

Тюрьма в Саудовской Аравии

Тюрьма в Саудовской Аравии

0 пікір
Мұрағат