Саудия тәліптердің шешіміне наразылық білдірді
Саудия тәліптердің шешіміне наразылық білдірді
2 жыл бұрын 1408 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы Ауғанстан билігін қыздардың жоғары оқу орнынан білім алуына тыйым салатын заңның күшін жоюға шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) жоғарғы оқу орындарында (мемлекеттік және жекеменшік оқу ордаларында) білім алуына түбегейлі тыйым салғаны туралы ақпарат  жарық көрісімен Саудия сыртқы істер министрлігі және Ислам ынтымақтастық ұйымы мұндай ағат шешімнің қабылданғанына ресми түрде наразылық білдірді. Әйелдердің ел экономикасына, қауіпсіздігіне, жалпы дамуына үлес қосатынын мәлімдеді. Ауғанстандағы әйелдердің мемлекеттік және жекеменшік оқу орындарында білім алуына салынған тыйым түбінде олардың жұмысқа орналасуына, әлеуметтік әділеттіліктің орнауына кедергі келтіретіні айтылған.

0 пікір
Мұрағат