Саудия шетелдіктерге жылжымайтын мүліктті сатып алуға мүмкіндік береді, соның ішінде қасиетті қос қаладан да...
Саудия шетелдіктерге жылжымайтын мүліктті сатып алуға мүмкіндік береді, соның ішінде қасиетті қос қаладан да...
1 жыл бұрын 1040 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының билігі шетелдіктерге ел аумағынан, соның ішінде қасиетті Мекке мен Мәдинадан тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға рұқсат беруді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  Arab News дерек көзіне жөн сілтеген golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің жылжымайтын мүлік басқармасының жетекшісі Абдолла Әлхаммад шетелдіктерге жылжымайтын мүліктің барлық түрін сатып алуға мүмкіндік беретің заң жобасы жақын арада жарияланатынын хабарлады. Осы орайда Саудия билігінің 2021 жылы заңды жолмен шетелдіктерге ел аумағынан бірқатар шартпен бір ғана жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік беретін директива қабылдағанын айта кету керек. Ал осы жолы жылжымайтын мүліктің барлық түрін сатып алуға мүмкіндік беретін заң қабылдамақ. Саудия билігі ел экономикасын мұнай экспортынан құтқару үшін әртараптандыру мақсатында шетелден инвестиция тартудың тағы бір тетігін іске қоспақ. Соның ішінде визалық жеңілдіктер де қарастырылған. Тақ мұрагері Мұхаммед Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында NEOM футуристік қаласы, KAEC аса ірі теңіз торабы секілді арнайы экономикалық аймақтар құруға кірісіп кетті.  Бұған қоса, әлемге әйгілі Aramco ұлттық энергетика компаниясынан бастап, өзге де мемлекеттік активтерді жекешелендіру науқанын бастап кеткенін де естеріңізге сала кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат