|
Саудия Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жалғайтын аса ауқымды инфрақұрылымды жобаны жүзеге асырады
|
Сауд Арабиясының билігі Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жалғайтын, құны жеті млрд долларды құрайтын, жылдамдығы жоғары теміржол желісіне қатысты жобаны қолға алып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы THE TIMES OF INDIA мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның ірі қалаларын жалғайтын, Араб түбегінің көлік және сауда-саттық саласына серпін беретін аталмыш жоба Land Bridge (Құрлық көпірі) деген атауға ие болды. Ауызекі тілде «Шөл даланың кереметі» деген атқа ие болып үлгерген бастама бойынша Қызыл теңіздегі Жидда қаласы Парсы шығанағындағы Даммаммен арадағы қатынасты жандандыруы тиіс. 15 мың шақырымға созылатын теміржол желісі Жидда мен ел астанасы – Ер-Рияд арасындағы жолды автокөлікпен шамамен 12 сағатқа созылатын сапарды пойызбен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа жоба елдің теміржол желісін 5300 шақырымнан 8000 шақырымға дейін кеңейтуге бағытталған. Бұдан бөлек, Саудия үшін де, Парсы шығанағы елдері үшін де, араб өңірлері үшін де негізгі логистикалық және көлік торабына айналуға мүмкіндік береді. Сауд темір жол компаниясы (SAR) Абдалла королінің айлағын ірі өнеркәсіптік қалалармен, атап айтқанда, Йанбумен байланыстыратын жүк және жолаушылар стансалары желісін салуды жоспарлап отыр. SAR жаңғырту бағдарламасы аясында жылдамдығы сағатына 200 шақырымға дейін жететін 15 жаңа пойызға тапсырыс берді.