Саудия Қытаймен құны 10 млрд доллардан асатын келісім-шартқа отырды
Саудия Қытаймен құны 10 млрд доллардан асатын келісім-шартқа отырды
2 жыл бұрын 1322 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия астанасында өтіп жатқан араб-қытай конференциясының алғашқы күні екі тарап үшін жемісті болды: жалпы құны 10 млрд доллардан асатын 30 инвестициялық келісім бекітілді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі күнге жоспарланған, монарх Әбдіәзіз атындағы халықаралық орталықта өтіп жатқан іскерлік шараға әлемнің 30-ға тарта елінен мемлекеттік лауазымды қызметкерлер мен кәсіпкерлер, т.б. мүдделі тұлғалар қатысуда. Аталған араб елінің Қытай халық республикасымен арадағы қол қойған келісімдері мен келісім-шарттары ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтаудан бастап, жоғары технологиялар мен туризмді дамытуға дейінгі түрлі саланы қамтиды Құны 5,6 миллиард доллар болатын ірі келісімдердің бірі - Сауд Арабиясында Қытаймен бірлескен автокөлік зауытын құру. Сауд Арабиясының Amar Al-Oula мен Қытайдың Zhonghuan International Group компаиялары арасында жасалған тағы бір келісім Саудия аумағында темір кенін өңдеу зауытының құрылысына бағытталған. Сонымен қатар, Қытай ұлттық геологиялық және тау-кен компаниясының Араб түбегіндегі мыс кен орнын игеруге қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл жобалар өз кезегінде тақ мұрагерінің экономиканы әртараптандыру бағытындағы ірі шаралар ретінде алға шығады.

0 пікір
Мұрағат