Саудия қажылықты саяси саудаға салуда ма
Саудия қажылықты саяси саудаға салуда ма
6 жыл бұрын 3244 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"әл-Жазира" телеарнасының таратқан хабарына қарағанда, Ливандағы Саудия елшілігі қасиетті сапарға аттанғысы келетін осы елдегі палестиналық босқындарға виза беруден бас тартқан. Дәлірегі, 170 000 адамның қажылыққа бару мүмкіндігінен айырған. Аталмыш ақпарат көзінің ұйғарымынша, бұған мұның саяси астары бар: АҚШ билігі әзірлеген, Палестина-Израил жанжалын реттеуге арналған жоспардың орындалуы үшін палестиналықтарға осылайша қысым көрсетіп отыр. Яғни, палестиналықтар аталған жоспарға келісімін беруі үшін Саудия негізгі арағайындық орнын пайдаланып, белден басып отыр. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтар айында ливандық "ад-Дияр" мерзімді басылымында хабарланғандай, Ақ үй дайындаған жоспарға сәйкес Иордан өзенінің батыс жағалауының 90%-ы палестиналықтарға қайтарылуы тиіс. Палестина астанасы ретінде Шығыс Құдыстың арабтар мекендеген аудандары белгіленген болатын. Палестиналықтар өз кезегінде Израилді мемлекет ретінде мойындамаса да болады. 

0 пікір
Мұрағат