Саудия қажыларға менингитке қарсы екпе алуды міндеттейді
|
Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі ұмраға келетіндерге және қажылық парызын өтегісі келетіндерге менингококты менингитіне қарсы аталған жұқпалы дерттің таралу қатерінің жоғары болуына байланысты екпе алуды міндеттейтін шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия аумағына 2025жылдың ақпан айының 1-нен бастап келетін жолаушыларға немесе шетелдіктерге визаның түріне қарамастан менингитке қарсы екпе алу міндетті. Жолаушыларға не полисахарид, не конъюгацияланған төрт компонентті Neisseria екпесі салынуы тиіс. Жолаушылар өзімен бірге төрт компоненттісі үшін Саудияға келгенге дейін кем дегенде 10 күн бұрын берілген сертификатқа ие болуы тиіс. Ал полисахаридтісінің сертифкат мерзімі 3 жылға толмауы керек; конъюгировандысы үшін – 5 жыл. Бір жасқа дейінгі нәрестелерге екпе алу міндетті емес.
Менингококты менингит — ми мен жұлынды жауып тұратын қорғаныш мембраналарына әсер ететін ауыр бактериялық инфекция.