Саудия Мысыр экономикасына 30 млрд доллар инвестиция құятын болды
Саудия Мысыр экономикасына 30 млрд доллар инвестиция құятын болды
3 жыл бұрын 1029 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның Мысырға сапарында екі елдің экономикалық ынымақтастығын жаңа белеске көтеру бағытында бірнеше келісімдерге қол қойылды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы келісімдер негізінде саудиялық жетекші компаниялар Мысыр экономикасына қомақты инвестиция құятын болды. Осы орайда аталған екі елдің 2020 жылдан бастап сауда-саттық айналымы 62%-ға артып, 9 млрд долларға жеткенін айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, Саудия аумағында нәпаақасын айырып жүрген мысырлық еңбек мигранттарының отанына аударған ақша мөлшері 17%-ға артқан – 11 млрд долларға жеткен. Бұған қоса, Саудия осы уақытқа дейін Мысырға 7,7 млрд доллар инвестиция құйған еді. Соңғы жылдары экономикасы шатқаяқтаған Мысыр үшін Саудия шетелдік қаржы көзіне айналған. Қазіргі уақытта Мысырдағы инфляция деңгейі жоғары, бұдан е алдымен тұрмысы төмен мысырлық тұрғындар жапа шегуде. Азық-түлік пен коммуналдық қызмет ақысы шарықтап өсіп кеткен. Ал Мысырдың мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімнің 90%-на жеткен. Міне, осындай қиын кезде Саудия тақ мұрагерінің сапары маңызды сипат алып отыр.

0 пікір
Мұрағат