Саудия мен Қытай қаржылық ынтымақтастықты жаңа белеске шығарды
Саудия мен Қытай қаржылық ынтымақтастықты жаңа белеске шығарды
1 жыл бұрын 879 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия мен Қытай валюталық айырбас (әдетте екінші тарап өз елінің валютасын пайдалана отырып несие алуға, содан кейін екі тараптың несие бойынша пайыздық құнын айырбастауға арналған екі шетелдік ұйым арасындағы келісімнің түрі) туралы келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Синхуа ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы келісімге аталған екі елдің орталық банктерінің жетекшілері қол қойды. Құны 50 миллиард юанды (шамамен 7 миллиард доллар) немесе 26 миллиард риалды (саудиялықтардың төл ақшасы) құрайтын келісім үш жылға арналған. Тек үш жылмен шектеліп қалмауы мүмкін, келісімдегі мерзімнен кейін тағы ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Бейжің мен Ер-Рияд бұл шараның екі ел арасындағы қаржылық байланысты одан ары нығайтып, ұлттық валюталарды пайдалану аясын кеңейтуге және сауда мен инвестицияға серпін беретініне сенімді.

0 пікір
Мұрағат