Саудия халық санының өсуіне мұқтаж
|
Саудияның стастикалық бюросы ел тұрғындарының санына қатысты жаңа деректі жария етті. Мәліметке сәйкес биылдың алғашқы жарты жылдығында аталған араб елі аумағында 32,4 млн адам тұрған. Олардың 62%-ын саудиялық азаматтар құраған. Бұл жайында Asharq Al-Awsat ақпарат көзі хабар таратты. Саудия билігі елде өзге ұлт өкілдерінің қарасы көбейіп келе жатқанын мәлім етті. 2019 жылдың алғашқы жартысында олардың саны 13,1 адамға жеткен. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 460 мың адамға немесе 4%-ға артқанын көрсетіп берді. Саудия билігі ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған реформа аясында түрлі ауқымды жобаларды қолға алатындықтан халық санының өсуіне мұқтаж екенін жасырмайды. Saudi Vision 2030 амбициялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін. Керісінше демографиялық дүмпуден экономикасына ауыр салмақ түскен Мысыр, Үндістан, т.б. елдер халық санын шектеу шараларын қолға алып жатыр.