Саудия электромобил жобасын қолға алып жатыр
Саудия электромобил жобасын қолға алып жатыр
2 жыл бұрын 1078 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ең ірі мұнай шикізатын экспорттайтын ел – Саудия экономикасын әртараптандыру бағытында өзінің алғашқы электромобил брендін қалыптастыратынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауд Арабиясының ресми агенттігінің хабарлауынша, Ceer деген атпен белгілі компания «Сауд Арабиясының атмосфераға бөлінетін көміртегі мөлшерін азайтуға әрі климат өзгерісінің салдарын еңсеруге үлесін қосады». Бұл бірегей жоба өз кезегінде «көліктердің электрлік архитектурасын дамытатын» Қытайдың жеке секторындағы ең ірі жұмыс беруші Foxconn-мен серіктестіктің нәтижесінде пайда болып отыр. Ceer «Сауд Арабиясы мен MENA аймағындағы тұтынушыларға арналған бірқатар көліктерді, соның ішінде седандар мен жол талғамайтын көліктерді құрастыраы, шығарады және сатады», - делінген хабарламада. Компания «30 000 тікелей және жанама жұмыс орнын» ашуы мүмкін. SPA мәліметі бойынша Ceer компаниясының экологиялық көліктері «2025 жылы саудаға шығарылады». Сәуір айында Саудия биігі ел аумағында зауыт салып жатқан АҚШ-тың Lucid Motors компаниясымен алдағы онжылдықта 100 000-ға дейін электромобил сатып алу туралы келісімге келгенін жариялаған болатын. Lucid келісімі сияқты Ceer компаниясын да тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бен Салман басқаратын Сауд Арабиясының тәуелсіз әл-ауқат қорынан қолдау тауып отыр, оның бағдарламасы 2030-ға дейінгі Vision реформасының күн тәртібіндегі экономиканы жылдам әртараптандырумен байланысты.

0 пікір
Мұрағат