Саудия экономикасын қалай әртараптандырып жатыр? Өндіруші емес, тек тұтынушы елге айнала ма
Саудия экономикасын қалай әртараптандырып жатыр? Өндіруші емес, тек тұтынушы елге айнала ма
6 жыл бұрын 4039 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Айтса, күлді дейсіздер, айтпасқа тағы болмайды: өздеріңіз білесіздер, тақ мұрагерінің ықпалымен Саудия жерінде бас айналдырар өзгерістер орын алып жатқанын - әйелдерге көптеген бостандықтар беріліп, экономикасын әртараптандыруға (диверсификациялауға) ден қойғанын. Мұнайға тәуелді экономикасына қатысты қолға алып жатқан реформалар мен жобалардың дені өндірісті дамытуға емес, туризм мен ойын-сауық төңірегіндегі бағдарламаларға арналғаны қынжылтады. Яғни, ойын-сауық индустриясы есебінен экономикасын әртараптандыруға күш салып жатыр. Бұл алысқа апармайтын қадам. Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі хабар таратты. Өздері кеше ғана ойын-сауыққа қатаң тыйым салып келген ел еді, мұнысы несі дерсіз? Алғашқы қадам ғой деп түсіністік танытқаныңызбен, бір қайнауы кем жобалар бір кездегі әлемдегі ең консервативті, патриархалдық тәртіп үстемдік еткен елді алға сүйрегені былай тұрсын, етегінен тартып, кері тартады. 2018 жылдың ақпан айында опера көрсетіліп, джаз фестивалі өтті, сәуір айының соңына таман кинотеатр ашылды. Ал  ел астанасы - Ер-Рияд қаласынан 40 шақырым қашық жерден әлемдегі ең ірі «Гиддия» ойын-сауық орталығының іргетасы қаланды. Бұл орталықтың аумағы әлемге әйгілі америкалық Орландтағы Walt Disney World-тан 2,5 есе үлкен. Аталмыш орталыққа осы заманғы ең озық ойын-сауық технологиясы енгізілмекші. Оның құрылысын 2022 жылы бітіріп, ашуды жоспарлап отыр. Жылына 17 млн адамды қабылдауы тиіс. Саудия билігінің есебінше. Бұған қоса, бұл орталық 57 мың адамды жұмыспен қамтымақ. 

0 пікір
Мұрағат