Саудия бір жолғы виза мерзімін ұзартты. Мысырда шетелдік туристер үшін Tax Free жүйесі іске қосылды
Саудия бір жолғы виза мерзімін ұзартты. Мысырда шетелдік туристер үшін Tax Free жүйесі іске қосылды
2 жыл бұрын 1159 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі бір реттік визалардың мерзімін бір айдан үш айға дейін ұлғайтқанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Gazette мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті шешімді бұған дейін королдіктің министрлер кабинеті қабылдаған болатын. 90 күнге жарамды визалар «Сауд Арабиясына кез келген мақсатпен баратын шетелдік саяхатшыларға» қолданылады. Осы уақытқа дейін тек бірнеше мәрте визасы бар адамдар ғана аталған ел аумағында үш ай тұра алатын. Сауд Арабиясының министрлер кабинетінің дәл осындай шешімімен тегін транзиттік визалардың  мерзімі 96 сағатқа дейін ұзартылды. Осыған байланысты транзиттік құжаттар аталған араб елінде үш ай бойы жарамды болады. 2019 жылдың қыркүйек айында Сауд Арабиясының билігі алғаш рет шетелдіктерге туристік виза бере бастады. Бұрын шетел азаматтары королдікке тек жұмыс бабымен және отбасылық визамен, сондай-ақ, қажылық парызын орындау үшін кіре алатын.

Мысырда шетелдік туристер үшін Tax Free жүйесі іске қосылды

ATOR мәліметі бойынша қосымша құн салығы тек бір ғана әуежайда – Шарм-әл-Шейхте салынуы мүмкін. Туристің елде болу мерзімі үш айдан аспаса және шығыны 1500 мысыр фунтынан кем болмаса, сатып алғандарына қосылған құн салығын қайтарып ала алады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзіңіз сауда жасағыңыз келген дүкеннің аталмыш жүйеге қосылған-қосылмағанын кіре берістегі стикер немесе кассадағы хабарландыру арқылы біле аласыз. Қосымшы құн салығын қайтарып алу үшін әуежайда төлқұжатыңызды, чекті және сатып алынған затты ашылмаған қаптамада көрсетуіңіз керек.

Фото: traveltimes.ru.

0 пікір
Мұрағат