|
Саудия білікті мамандарға азаматтық беретінін жариялады
|
Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформалар мен экономиканы әртараптандыру саясатына байланысты Саудия білікті мамандарға зәру. Осыған байланысты Саудия билігі түрлі салалар бойынша шетелдік мамандарға азаматтық беру бастамасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Королдің бұл тараптағы жарлығына сәйкес дәрігерлер, заңгерлер, жоғары технологияны меңгерген тұлғалар, жаратылыстану ғалымдары, мәдениет өкілдері аталған араб елінің азаматтығын ала алады. Оларға қойылатын ең басты талап - білікті болу, яғни, өз саласын жетік білуі тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)