Саудия билігі елден 12 мыңнан аса шетелдікті депортациялады
Саудия билігі елден 12 мыңнан аса шетелдікті депортациялады
22 күн бұрын 509 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Saudi Arabia is implementing new labour reforms. Photo: Business Insider Africa. Source: Twitter

Саудия билігі заңсыз көші-қонмен күрес науқаны аясында 12 мыңнан аса шетелдік азаматты елден шығармақ. Олардың дені – африкалық азаматтар. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің бұл мемлекеттік шарасы жұмысшы күшін қайта ұйымдастырумен байланысты бастама негізінде қолға алынған – шетелдік жұмысшы күшіне тәуелділікті азайту, ел тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырып жатыр. Business Insider дерегінше, аталмыш науқан кезінде 21 647 адам тұтқындалған. Олардың дені – Африка құрлығының тумалары, соның ішінде эфиопиялықтардың қарасы - 54%. Бұдан бөлек, заңсыз мигранттар арасында Нигерия, Судан, Мысыр, Алжир және Марокко азаматтары бар. Бұл бағыттағы арнайы операция барысында Сауд Арабиясына заңсыз кіруге талпынған 1943 адамның жолы кесілді, ал 37 адам заңсыз шекара аспақ болған жерінен ұсталған. Қазіргі уақытта 32 801 адам (31 207 ер адам және 1 594 әйел) депортация алдында сот талқылауынан өтуде. Қазіргі уақытта 12 098 мигрант депортацияланды, 6 012 адам көп ұзамай елден шығарылады, ал 21 800 адам өз елшіліктерінен жол жүру құжаттарын күтуде. Ресми тұлғалар атап өткендей, құжатсыз жүрген иммигранттарды жасырғандар, оларды жалдағандар, оларға көмектескендер тек айыппұл төлеп қоймай (1 млн сауд риалы), сонымен қатар, 15 жылға бас бостандығынан айырылатынын ескертті. Бұдан бөлек, ел аумағында заңсыз жүрген шетелдіктерге көмектескендердің, жұмысқа жалдағандардың, т.б. заңсыз мигранттарды жасыру үшін пайдаланған дүние-мүлкі мен көлігі тәркіленеді. Саудия билігі биыл ертеректе пайда болған кафала (Кафала немесе نظام الكفالة ‎ - 1950-жылдары пайда болған жалдау жүйесі)  демеушілік жүйесін ресми түрде жойып, оны шетелдік жұмысшылардың құқықтары мен ұтқырлығын арттыруға бағытталған келісімшарт негізіндегі еңбек құрылымымен алмастырды.

0 пікір
Мұрағат