Саудия билігі биылғы қажылықтың негізгі талаптарын жария етті
Саудия билігі биылғы қажылықтың негізгі талаптарын жария етті
3 жыл бұрын 2409 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Саудияның денсаулық сақтау министрлігі биылғы қажылық маусымының жақындауына байланысты қажыларға қойылатын негізгі талаптарын жария етті. Аталған талаптар жұқпалы індеттің қажылық кезінде таралуына жол бермеу мақсатында қойылып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Watan ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді.

-          Биылғы қажылық маусындағы қажылар саны 60 мың адамнан аспауы тиіс;

-          Қажылыққа 18-60 жас аралығындағы азаматтар ғана өтініш бере алады;

-          Қажылар Саудия билігі бекіткен екпенің екі дозасын алуы тиіс (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna). Аталған екпелердің екінші дозасын Саудияға келерден 14 күн бұрын алуы тиіс;

-          Шетелдіктерге қажылықпен байланысты емес өзге аудандарға баруына рұқсат етіледі. 

Бұл айтылғандардын бөлек, әрбір қажы өз елінің құзыретті органынан жоғарыда аталған екпелердің біреуін алғандығын растайтын анықтама ала келуі тиіс әрі онысын Саудияның шетелдердегі елшілігінде заңдастыруы қажет. Сонымен қатар, әрбір қажы Саудияға кірерде 72 сағатқа жарамды жұқпалы індетке қарсы теріс нәтиже көрсеткен тест нәтижесін ұсынуы тиіс. Саудия аумағында сақтық шараларын шараларын сақтауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат