Саудия билігі 2023 жылы қажылықта COVID-19 шектеулерін жояды
Саудия билігі 2023 жылы қажылықта COVID-19 шектеулерін жояды
2 жыл бұрын 1569 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: asiatoday.id

Сауд Арабиясының билігі қажылық маусымында пандемияға баланысты енгізілген шектеулерді биыл алып тастайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қажылық істері жөніндегі министрлік жетекшісі Таупық әл-Рәбиге жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қажылар саны коронавирусқа дейінгі деңгейге оралады; жас шектеулері болмайды», - деп айтылған аталмыш ведомстваныңTwitter әлеуметтік желісіндегі микроблогында. 2019 жылы 2,6 миллионға тарта адам қажылық парызын өтеді. Күллі әлемді жұқпалы індет шарпыған 2020 және 2021 жылдары қажылар қарасы шектеуге байланысты күрт азайып кеткен еді, ал 2022 жылы 1 миллион адамға ғана рұқсат берілген болатын. Бұл ретте 2022 жылы 18 бен 65 жас аралығындағы, толық екпе алған немесе коронавирусқа қарсы иммунитеті бар, созылмалы ауруы жоқ адамдар ғана қажылық парызын өтей алған еді. Биыл, яғни, 2023 жылы қажылық маусым айының 26-да басталуы керек.

0 пікір
Мұрағат